Әлемдегі жан түршігерлік зілзалалар

Әлемде мыңдаған адамның өмірін қиған ірі жер сілкіністері тіркелген.

Әлемдегі жан түршігерлік зілзалалар Фото: rusturkey.com

Статистикалық деректерге сүйенсек, жер бетінде миллиондаған жер сілкіністері болған. Оның 100-ге жуығы адамдардың өмірін қиған.

Сейсмологтардың мәліметінше, әлемде жылына орта есеппен магнитудасы 7,0-ден асатын 15 жер сілкінісі болады. NCEI тіркеген жеті жер сілкінісі ғана 9 немесе одан жоғары баллға жетті.

Адамзат тарихындағы ең қайғылы жер сілкіністері қайсы?

1923 жыл: Жапонияның Канто аймағындағы жер сілкінісі.

Бұл – Жапония тарихындағы ең күшті жер сілкінісі. Ол 1923 жылдың 1 қыркүйегінде болды. Магнитудасы 8,3-ті құрады. Апат салдарынан Токио мен Йокогама жойылып кеткен. 174 мың адам қаза тауып, 542 мың адам жоғалып кетті. Апат аймағындағы 694 мың үйдің 381 мыңы қирап қалған. 

Фото: the-soul.ru

2010 жыл: Гаити жер сілкінісі.

7 баллдық негізгі дүмпулерден кейін бірнеше кейінгі дүмпу тіркелді, олардың 15-інің магнитудасы 5-тен жоғары болды.

2010 жылғы 18 наурыздағы ресми мәліметтер бойынша қаза тапқандар саны 222 570 адамды құрап, 311 мыңы жараланған.

Материалдық шығын 5,6 миллиард еуроға бағаланып отыр.

2010 жылдың қаңтарында Гаитиде болған жер сілкінісі ХХ-ХХІ ғасырлардағы геофизикалық қауіпті құбылыстардың ішінде құрбандар саны бойынша ең үлкен болып саналады. Ал адамзат тарихындағы жер сілкіністері арасында одан асып түскен бір ғана сілкініс болды, ол – 1556 жылы Қытайдағы 830 мың адам қаза тапқан жер сілкінісі.

Фото: wiki2.org

2004 жыл: Үнді мұхитындағы жер сілкінісі.

2004 жылы 26 желтоқсанда Үнді мұхитында Суматра аралының маңында жер сілкінісі болды.

Су астындағы жер сілкінісінің магнитудасы әртүрлі бағалаулар бойынша 9,1-ден 9,3-ке дейін болды, сонымен қатар күшті цунами тудырды.

Оның әсерінен Оңтүстік Африкадағы Элизабет порты зақымданған. Шенеуніктердің атап өтуінше, кейбір жағалауларда толқын биіктігі 20 метрден асқан. Түрлі дереккөздерге сүйенсек, апаттан 300 мыңға жуық адам зардап шекті.

Фото: triptonkosti.ru

1988 жыл: Арменияның Спитак қаласындағы жер сілкінісі.

1988 жылы 7 желтоқсанда Армян КСР-нің солтүстік-батысында Спитак қаласында Кеңес Одағы тарихындағы ең жойқын жер сілкінісі болып, 25 мың адам қаза тапты.

Ресми мәлімет бойынша, 140 мыңға жуық адам мүгедек болып, 514 мың адам баспанасыз қалған.

Жер асты дүмпулерінің күші 6,8 баллды құрады. Спитак және басқа да жақын маңдағы 58 аудан құм үйіндісініе айналды.

Төтенше жағдайдың жалпы шығыны шамамен 10 миллиард кеңестік рубльді құрады.

Фото: bangkokbook.ru

1976 жыл: Қытайдың Таншань қаласындағы жер сілкінісі.

Жер сілкінісі 28 шілдеде Бейжіңнен 160 шақырым жерде болды, жер сілкінісінің магнитудасы 8,2 болды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, зардап шеккендер саны 242 419 адамға жеткен. Басқа деректер бойынша 655 мыңға жуық адам көз жұмды. Адам шығынының көп болуына апаттың түнде болуы себеп болған.

Фото: bangkokbook.ru

1970 жыл: Перудің Чимботе аймағындағы жер сілкінісі.

1970 жылы 31 мамырда Тынық мұхитында 60 км-ден астам тереңдікте магнитудасы 7,9 болатын жер сілкінісі болды.

Жер асты дүмпулері Перудың кейбір қалалары мен елді мекендерінде көшкіндерге түрткі болды. Тұрғындардың 70%-ға жуығы үйінді астында тірідей көмілген. Тек 300 тұрғын ғана аман қалды. Табиғи апаттан келген шығын 260 миллион доллардан асты.

Фото: vespig.wordpress.com

1960 жыл: Чилидегі жер сілкінісі.

Жер сілкінісі 22 мамырда болды, оны халық арасында Ұлы Чили жер сілкінісі деп атайды. Жерасты дүмпулерінің күші 9,5 баллды құрады. Жер сілкінісі толқыны 10 м биіктікке жеткен цунамиді тудырды.1 655 адам апаттың құрбаны болды, 3 мыңға жуық адам зардап шекті, тағы 2 миллион адам баспанасыз қалды, шығын жарты миллиард долларды құрады.

Цунами жаңғырығы Гавайидегі Хило қаласына жетіп, эпицентрден шамамен 10 мың шақырым жерде үлкен шығын келтірді. Үлкен толқындар Жапония мен Филиппин жағалауларына да жетті.

Фото: bangkokbook.ru

1939 жыл: Түркиядағы жер сілкінісі, Эрзинджан.

27 желтоқсанда магнитудасы 7,8 болатын күшті жер сілкінісі болды. 33 мыңға жуық адам қайтыс болды.

Жер сілкінісінің ошағы Эрзинджан қаласына жақын жерде. Жер асты дүмпулері 52 секундқа созылды. Күшті жер асты дүмпулері Қара теңіз жағалауында биіктігі 1-3 м болатын цунамиге әкеліп соқты.

Фото: dzen.ru

1948 жыл: Түркімен КСР-і Ашхабад қаласындағы жер сілкінісі.

5 қазанда магнитудасы 7,3 болатын жойқын жер сілкінді.

Табиғат апаты астана мен жақын маңдағы ауылдарға үлкен шығын әкелген, сондай-ақ көршілес Иранның Деррегез ауылы тұрғындары да зардап шекті.

Қаза тапқандар саны 110 мың адамға жетті. Алғашқы дүмпу түнде болды, тұрғындардың барлығы ұйықтап жатқан. 10 секундта қала іс жүзінде жер бетінен жойылды.

Ашхабад сыртқы әлеммен байланыссыз, дәрі-дәрмексіз және көліксіз қалды. Апаттан кейін қала тазартылып, тұрғындар көршілес Әзірбайжанға көшірілді.

Фото: dzen.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу