Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотында Медеу ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Талғат Әбдіқалықовқа қатысты қылмыстық іс қаралып бітті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА.
Талғат Әбдіқалықов ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі "пара алу" бойынша айыпталған.
"Сот Т.Әбдіхалықовтың Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары болған кезінде 2016 жылдың мамыр және маусым айларында бульварлардың құрамы, бөлінген жолақтар, жағалаулар мен демалыс орындарында жүргізілген жұмыстар барысында компанияның жалпы шығынын өтеу үшін "Алатау -АвтоСпецТехника" ЖШС басшылығынан 2,3 млн теңге алғанын анықтады", – деп айтылады хабарламада.
Соттың үкімімен ауданның бұрынғы орынбасары айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды және жеке мүлкі тәркіленді. Ол өмір бойына мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан шектеліп, жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейді.