Анар Жайылғанова: Заң бойынша туыс адамдарға бір мекемеде жұмыс істеуге болады

1146

Агенттік төрағасы Заң нормасымен келіспейтінін айтты.

Анар Жайылғанова: Заң бойынша туыс адамдарға бір мекемеде жұмыс істеуге болады

Ел арасында Сот мекемелерінде туыс адамдардың жұмыс істейтіні туралы шағым көп. Тіпті ерлі-зайыптылардың бір мекемеде қатар судия боп қызмет атқаратыны туралы да мәліметтер айтылып жүр. Ағайынды адамдардың бірі судья, бірі прокурор болып жұмыс істегені де жұртқа әшкере болған. Осы мәселені журналистер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановаға сауал етіп қойды.

"Заңнама бойынша судьялар мен прокурорлар жауапты мемлекеттік қызмет иелері болып саналады. Оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар қойылады. Оның ішінде тікелей бағыныштылық сипаты болса, туысқандар мен ерлі-зайыптыларға, асырап алған туыстарға бірлесіп қызмет атқаруға жол берілмейді. Бірақ тікелей бағыныштылық болмаса, аталған тұлғалардың бір жерде жұмыс істеуіне болады. Бұл жағдайда әрқашан мүдделер қақтығысына тәуекел бар. Судья немесе прокурор мүдделер қақтығысының алдын алып, жолын кесуге тиіс. Оның ішінде өздері жұмыс істейтін ұйым басшылығына пайда болған немесе пайда болуы мүмкін мүдделер қақтығысы туралы жазбаша түрде ескертуі керек. Басшылық бұл хабар жеткен бойда тиісті шаралар қабылдауға міндетті. Тіпті тікелей бағыныштылық болмаса да, мұндай жағдайда мүдделер қатығысы болуы мүмкін. Сондықтан, менің ойымша, оған жол бермеу керек. Негізінде судьялардың жауапкершілігі Жоғары Соттың құзырындағы мәселе. Десе де, мен сіз атаған жағдайда мүдделер қақтығыс сөзсіз болады деп ойлаймын", - деді Анар Жайылғанова.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу