Анкарадағы қайғылы оқиға түрік лирасын әлсіретіп жіберді

1014

Анкарадағы қайғылы оқиға түрік лирасын әлсіретіп жіберді

Дүйсенбі күні кешкісін Анкарада Ресей елшісі Адрей Карловтың өлтірілуі түрік лирасын құлдыратып жіберді. Дүйсенбідегі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша оның долларға айырбас бағамы 1%-дай әлсіреді, деп жазады "Прайм".

"Мұндай оқиға қор нарығында аздаған арзандауларға, валюталардың әлсіреуіне және индекстердің төмендеуіне әкеп соғады. Мәскеу мен Анкара арасында қалыптасқан шиеленісті қатынастарды ескерсек,  қазір инвесторлар әдеттегідей емес, қауіпті активтерден белсенді шыға бастады", – деп түсіндірді  ФИНАМ сарапшысы Тимур Нығматуллин.

Дей тұрғанмен  тараптардың ресми мәлімдемесі  жағдайды реттеуге септігін тигізді.  Оқиғадан соң іле-шала Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған  Ресей басшысы Владимир Путинге  қоңырау шалып, көңіл айтты. Өз кезегінде Ресей президенті елшіні өлтіруге тапсырыс бергендердің мақсаты – Мәскеу мен Анкара арасында жанжал тудырып, диалогты болдырмау екенін мәлімдеді.

"Бұл тіпті Сирияда лаңкестікке қарсы бірлесіп әрекет ету үшін елдерді жақындастыруы мүмкін", – деп жазады The New York Times.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу