Apple-дың сымсыз құлаққабы сатыла бастады

960

Apple-дың сымсыз құлаққабы сатыла бастады

Қазан айында пайда болған AirPods сымсыз құлаққабы Apple компаниясының ресми интернет-дүкенінде сатылымға шықты. Бұл туралы компанияның ресми сайтына сілтеме жасап 7 күн жазып отыр.

iPhone 7 және 7 Plus смартфондарымен бірге таныстырылған компанияның алғашқы сымсыз құлаққабын желтоқсан айының ортасынан бастап дүкен сөрелерінен көруге болады. Бағасы 159 АҚШ долларын құрайды (~53 000 тг.). Өндірушілердің сөзінше, тапсырыс 2 апта ішінде жеткізіледі. Құлаққап Siri жүйесі арқылы басқарылады.

Siri сұрақ-жауапқа негізделген дербес көмекші жүйе. Құлаққапты 2 рет басып дауыс ырғағын жөндеп алсаңыз болады. Оны телефоныңызға қосқан сәттен барлық Apple құрылғыларына жалғанады. Қазіргі уақытта аталмыш өнім 100-ден астам елде қолжетімді болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу