Apple Калифорниядағы барлық дүкендерін жауып тастады

630

Бірқатар штатта осындай шектеу енгізілді. 

Apple Калифорниядағы барлық дүкендерін жауып тастады Фото: ria.ru

Коронавирус індетінің өршуіне байланысты Apple компаниясы Калифорния штатындағы барлық дүкендерін, яғни 53 дүкенді уақытша жауып тастады. Бұл туралы жергілікті басылымдар мәлім етті.

Ресми дерек бойынша, Теннесси, Юта, Миннесота, Оклахома, Орегон, Аляска, Небраска, Нью-Мексико штаттарындағы бірқатар дүкен, Британиядағы 16 сауда орыны да жұмысын тоқтатты.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирус инфекциясының таралуын пандемия деп таныған болатын. Індет басталғалы Құрама Штаттарда 17,4 млн адам вирус жұқтырған. Оның 313 мыңы аурудан қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу