Астанада жыл басынан бері 200-ге жуық адам құтқарылды

396

Бұл туралы Астана қаласы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Еркін Отарғалымұлы қалалық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті. 

Астанада жыл басынан бері 200-ге жуық адам құтқарылды Фото: Астана қаласының әкімдігі

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында құтқару бөлімшелерінің күшімен жыл басынан бері 3 534 жедел жету жүзеге асырылды, оның ішінде 194 адам құтқарылды, 222 адам эвакуацияланды, 78 зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсетілді. 397 өрт тіркеліп, өрт кезінде 4 адам қаза тапты және 28 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды.

​Оның айтуынша өрттің ең көп саны азаматтық қорғау органдарының бақылауынан тыс нысандарда тіркеледі.

Олардың негізгілері тұрғын үй секторы болып саналады - 161 жағдай, көлік құралдары – 136, жаңадан салынып жатқан объектілер - 21 өрт, бұл барлық тіркелген өрттердің 80% -құрайды.

"Жоғарыда келтірілген статистикадан көріп отырғанымыздай, өрттің көп бөлігі тұрғын үй секторында тіркеледі. Айта кету керек, өрттің көбеюі маусымдық сипатта айқын көрінеді, өрттің шыңы қыс айларында болады және ол қалыпты аязға байланысты.

Айтылғандарды ескере отырып, алдағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту мақсатында Департамент осы жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында қала аумағында өрт қауіпсіздігі айлығын өткізеді. Негізгі мақсат - тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру және хабардар ету", - дейді ол.​

Өрттерді талдау нәтижесі әрбір екінші өрт электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерінің бұзылуына байланысты, әрбір үшінші және төртінші өрт - пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына және отпен абайсыз жұмыс істеуге байланысты болатынын көрсетті.

"Қалалық әкімдіктің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде өрт хабарлағыштарын, көміртегі тотығы датчиктерін және газ талдағыштарын орнату жұмыстары жалғастырылатын болады.

Адамдарды "пассивті" қорғау жүйелерін енгізу өртті ерте анықтауға, адамдарды хабардар етуге және тиісінше қауіпті аймақтан уақытылы шығуға ықпал етеді. Мысалы, датчиктердің іске қосылуы нәтижесінде соңғы екі жылда жалпы алғанда 11 баласы бар екі көпбалалы отбасы құтқарылды", - дейді Еркін Отарғалымұлы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу