Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан футбол федерациясы мен Астана қалалық футбол федерациясының ұйымдастыруымен "Өмірден өткен футболшыларды еске алу" турнирі өтті. Жарысқа 45 жастан жоғары футбол ардагерлері қатысты, деп хабарлайды prosports.kz.
Турнирге "Қостанай" (Қостанай), "Қызыл-Жар" (Петропавл), "Регистр" (Көкшетау), "Семей" (Семей), "Химик" (Степногорск), "Әулие-Ата" (Тараз), "Жетісу Ардагер" (Талдықорған), "Замандастар" (Қазалы, Қызылорда облысы), Астана құрамасы және "Целинник" (Астана) командалары қатысты.
Жасыл алаңға шыққан ардагерлер арасында Руслан Гумар, Олег Феоктистов, Владимир Глевич, Талғат Байсуфинов, Асқар Әбілдаев, Қайрат Тоқсанбаев, Константин Котов, Владимир Коновалов, Рамиль Хамитов, Асқар Күшікбаев, Сергей Тагиев, Қайрат Сламбеков, Сергей Маяковский, Серік Асылбеков, Всеволод Филипович және т.б. болды.