Астанада "Тең мүмкіндіктер әлемі" атты фестиваль бастау алды

1350

Астанада "Тең мүмкіндіктер әлемі" атты фестиваль бастау алды

Елордада алғаш рет балалар арасында инклюзивті спорт фестивалі өтуде, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Іс-шараны "Мир равных возможностей" мүгедек балалардың ата-аналарының қоғамы, елорданың №83 мектеп-гимназиясы, Астана қаласы "Нұр Отан" партиясының қолдауымен "Астана–рухы мықты адамдардың қаласы" бағдарламасы аясында өткізуде. 

Шараның басты мақсаты – ерекше білімге мүдделі балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау. Олардың қоғамнан шет қалмауы және өмірлерінде еш кедергі тудырмау мақсатында өткізілуде. 

Шараға дені сау және сал, Spinabifida ауруларына шалдыққан, Даун синдромы бар, аутикалық спектрі бұзылған, есту қабілеті төмен, нашар көретін балалар қатысатын болады.

Бір алаңда өздерінің спорттық жетістіктерін бочча, адаптивті жүзу, паракаратэ, паратаеквондо, хореография сияқты спорттық үйірмелердің тәрбиеленушілері көрсетті. 

Бұдан бөлек, фестиваль аясында паралимпиадалық спорт түрі "Голбол" федерациясы көзі нашар көретін балалар үшін шеберлік сыныптарын ұйымдастырды. Шеберлік сыныбын StreetWorkout-тан ҚР-ның бас жаттықтырушысы Айтым Жақыпов жүргізді.

Барлық инклюзивті спорт үйірмелері "Мир равных возможностей" мүгедек балалардың ата-аналар қоғамының және ҚР ұлттық паралимпиадалық комитетінің, Оқушылар сарайы, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайы, РА "Асыл бала", "Замандас 21" аула клубы, "Space Fitness" фитнес-клубы, №83 мектеп-гимназиясының қолдауымен ашылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу