Астананың "арман қала болуына" 2,6 миллиард теңге бөлінеді

852

Астананың "арман қала болуына"  2,6 миллиард теңге бөлінеді

Астана қаласы маслихатының бюджет, экономика және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы барысында қаралған бюджет жобасында көрсетілгендей, 2018-2020 жылдары елорданың сәулет және қала құрылысы басқармасына 2,6 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егембердінің мәліметінше, аталмыш қаражаттың 2,2 млрд теңгесі елдімекен құрылысының бас жоспарын әзірлеуге, 4,8 млн теңгесі мемлекеттік органдардың капиталды шығындарына жұмсалатын болады.
"Сәулет және қала құрылысы басқармасына бөлінетін қаржының 820 млн теңгесі 2018 жылға қарастырылған. Оның ішінде, алдымыздағы жылы қаланың 3 әкімшілік ауданындағы 129 сектор бойынша жете жоспарлардың жобасын кезең-кезеңімен әзірлеу жұмыстарына, жобалауды есепке алу және құрылыс нысандарының жете жоспарлауының бас жобасын жобалауды мониторингілеу, кезекшілік жоспарды жүргізу және мәліметтерді беру жұмыстарына 674 млн теңге бөлінеді. Сондай-ақ, 2018 жылы мемлекеттік органдардың капиталды шығындарына сәулет және қала құрылысы басқармасына 1,5 млн теңге бөлу көзделген", - деп атап өтті Ерғали Егемберді.
"2018 - 2020 жылдарға арналған бюджет жобасына сәйкес, "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға - 384 млн теңге, осы бағдарлама шеңберінде берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 11 млрд теңге, шағын және орта бизнес өкілдеріне берілетін несиелерді жартылай кепілдендіруге – 774 млн теңге қарастырылуда. Мәселен, 2018 жылдың өзінде-ақ шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік грантпен қамту үшін бюджеттен  128 млн теңге бөлінбек. Өз ісін жаңа ғана бастап жатқан жас кәсіпкерлердің бизнес идеяларын жүзеге асыруы үшін оларға өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі гранттар көптеп берілетін болады", - деп тоқталды экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
Астана қаласының алдағы үш жылға арналған бюджет жобасында елорданың инновациялық тұрғыда дамуына және оның туристік әлеуетін арттыруға да қаражат қарастырылды. Аталмыш мақсаттарға 2018 – 2020 жылдары 10 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінеді деп жоспарланып отыр. Ерғали Егембердінің айтуынша, бұл ретте басымдық іскери оқиғалы туризмді дамытуға, туристерді көптеп тарту ісіне, мемлекеттік және жеке меншік әріптестік жобалары негізіндегі мемлекеттік міндеттерді орындау шараларына берілмек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу