Әуежайлар жер салығынан босатылады

1066

Бұдан бөлек, әуе кемелеріне қажетті шеттен импортталатын қосалқы бөлшектер үшін қосымша құн салығы салынбайды. 

Әуежайлар жер салығынан босатылады

Еліміздегі әуежайлар жер салығынан және оны пайдаланғаны үшін міндетті төлемнен босатылады. Құжатты бүгін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов таныстырды, деп хабарлайды Atameken Business. 

Оның пайымдауынша ұшу жағдайын қолдау мақсатында іске асырылған жеңілдік биылдың соңына дейін күшінде болады. Бұдан бөлек, әуе кемелеріне қажетті шеттен импортталатын қосалқы бөлшектер үшін қосымша құн салығы салынбайды. 

Кейбір бағыттар бойынша автобуспен жолаушылар тасымалы салықтан босатылады

Жеңілдіктер тек әуе жолына ғана емес, өзге көліктерге де тиесілі. Дәленовтың айтуынша әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша автобуспен жолаушылар тасымалы да қосымша құн салығынан босатылмақ. 6 айға созылатын жеңілдік шойын жолға да қатысты. Транзиттік бағыттағы пойыздардың контейнерлерін тексеру жүргізілмейді. Ал импортталатындары келіп тоқтаған жерінде бір-ақ рет тексеріледі. Сондай-ақ, темір жол бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау жалғасады.

Салық жеңілдіктері ел экономикасына қалай әсер етеді?

Мұндай жеңілдіктер қазір барлық салаларға көрсетіліп жатқаны белгілі. Бұған дейін Ұлттық экономика минстрлігі "Микро, шағын және орта бизнес субъектілері 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін 29 қызмет түрі бойынша еңбекақы төлеу қорынан салық және басқа да міндетті төлемдерден босатылды" деген. Бұл тізімде сауда ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар, көрмелер мен спорт объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану, қонақүй және туристік қызмет салаларында жұмыс істейтін салық төлеушілер  бар. Мұнымен қоса, жеке практикамен айналысатындар да (нотариустер, адвокаттар, сот орындаушылары, медиаторлар) биылдың 1 қазанына дейін мүлік салығынан босатылды.

Бюджет салықтық түсімдерден толатынын ескерсек, жасалып жатқан жеңілдік ел экономикасына әсер етпей қоймайды. Ендеше мұндай көмек қажет пе? Сұрақтың жауабын белгілі GSB UIB бизнесті талдау орталығының сарапшысы экономист Мақсат Халықтан білеміз:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу