Аяқ киімді таңбалау кодын қалай алуға болады?

1082

Қазақстанда аяқ киімнің міндетті цифрлық таңбалануының басталғанына бір айдан асты. Осы уақыт ішінде импорттаушылардың 30%-ы таңбалау кодтарына тапсырыс берді, тауарлардың Ұлттық каталогында аяқ киім бойынша 190 мыңға жуық карточка енгізілді, деп хабарлайды Inbusiness.kz "Цифрлық экономиканы дамыту орталығына" сілтеме жасап.   

Аяқ киімді таңбалау кодын қалай алуға болады?

Аяқ киімді кімдер таңбалау керек?

Өндірушілер және импорттаушылар. Аяқ киім сатушылары тек 2D-сканердің көмегімен тауарларды айналымнан шығарады.

Таңбалау кодын қалай алуға болады?

Ол үшін markirovka.kz ақпараттық жүйесінде тіркелу қажет elk.prod.markirovka.ismet.kz, ЭЦҚ және NCAlayer бағдарламасы қажет болады. Бұдан әрі тауарлардың Ұлттық каталогындағы өнім туралы мәліметтер толтырылады, тапсырыстарды басқару станциясында Data Matrix кодтарына тапсырыс беріледі. Кодтардың қажетті санын өз принтеріңізде немесе cem.ismet.kz жүйесін пайдаланып типография арқылы басып шығаруға болады.

Аяқ киім өнімдеріне карточка жасаудың бес қадамы:

1. ЭЦҚ-ны онлайн алу.

2. NCALayer бағдарламасын жүктеу.

3. markirovka.kz ақпараттық жүйесінде тіркелу.

4. "Тауарлардың ұлттық каталогы" бөлімінде "Тауар карточкасы" қосымша бетіне өтіп, өнім туралы негізгі мәліметтерді енгізу: GTIN, моделі, өндіруші ел, аяқ киімнің түрі, үстіңгі және астыңғы материалдың түрі, бренді, түсі.

5. Аяқ киімнің алдыңғы жағынан түсірілген бір фотосуретті жүктеу.

Осылайша, айналымның әр қатысушысы тауарлардың жеке цифрлық каталогын жасайды.

Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киімді қайда және қалай таңбалайды?

Қазақстандық аяқ киім өндірушілері сатуға шығарылғанға дейін өндірісте аяқ киімді таңбалайды. Аяқ киімді импорттаушылары таңбалау кодын үшінші елдердің аумағындағы зауытта немесе қоймаларда немесе кедендік тазалауға дейін ҚР Кедендік қоймаларында орнатады.

Аяқ киім өндірушілер мен импорттаушылар markirovka.kz ақпараттық жүйесінде тіркелуі керек. Егер қаптаманың штрих-коды (GTIN) болса, олар жүйеде жұмыс істеуді бастайды, "Тауарлардың ұлттық каталогы" бөліміне өтіп, "Субаккаунт" бөліміндегі профиль параметрлеріндегі өндіруші туралы деректерді толтырып, өнімді "Тұтынушылық қаптама" бөлімінде тіркей алады. Егер GTIN болмаса, таңбалау жүйесінде "GS1-мен өзара әрекеттесу" GS1 Kazakhstan қауымдастығына кіру керек. Содан кейін өнім туралы мәліметтер Ұлттық каталогта толтырылады.

Таңбалау кодтары "Тапсырысты басқару станциясы" бөлімінде тапсырыс беріледі, PDF немесе CSV форматында жасалып, кез келген принтерде басып шығарылады және қорапқа, аяқ киімге немесе тауар затбелгісіне басылады.

Аяқ киім өнімдерінің қалдықтарын қалай таңбалауға болады?

Таңбалаудың ақпараттық жүйесінде "Тауарлардың Ұлттық каталогы" бөліміне өтіп, "Тауар карточкасы" қосымша бетіне қалдық тауар туралы негізгі мәліметтерді енгізу қажет. "Тапсырысты басқару станциясы" бөлімінде "Тапсырыстар" бөліміне өтіп, "Жасау" түймесін басу керек. Қажетті өрістерді толтырғаннан кейін "Қалдықтарды таңбалау" тармағын таңдау.

Осыдан кейін өнім кодын енгізіп, таңбалау кодтарының қажетті санын және сериялық нөмірді қалыптастыру әдісін таңдап, сұрау жіберу керек. Тапсырысты сақтау және өңдеуге жіберу. Тапсырысты растағаннан кейін "Тауарлар" бөлімінде таңбалау кодтарын қажетті форматта қажетті мөлшерде жүктеуге болады. Әрі қарай – Data Matrix кодтарын басып шығару және оларды өнімге орнату.

Импорттаушылар мен кеден қоймаларының иелеріне аяқ киімді таңбалау туралы не білу керек?

- Таңбалау бойынша қызмет көрсету үшін жабық жылытылатын үй-жайлар,

- Қойма жабдығы (стеллаждар, үстелдер, тауарларды өткізуге арналған техника мен жабдықтар, өртке қарсы жабдықтар);

- Электр энергиясының, интернеттің болуы,

- Импорттаушымен тауарларды сақтауға және таңбалауға арналған келісімшарт.

Импорттаушы кеден қоймасының аумағында тауарларды таңбалау үшін келесі талаптар бар:

- Егер таңбалау қызметін кеден қоймасы көрсететін болса, таңбалау және сақтау қызметтерін көрсетуге кеден қоймасымен шарт жасасу,

- Егер импорттаушы тауарларды өзі таңбалайтын болса, өз тауарларын таңбалау үшін кеден органынан кеден қоймасының аумағына рұқсат алу,

- Data Matrix кодтарын басып шығаруға арналған компьютер, принтер болуы маңызды

Принтер болмаған жағдайда импорттаушы Data Matrix кодтарын басып шығаратын баспахана қызметтерін пайдалана алады

Өндіруші мен импорттаушы GTIN кодын қалай алады?

Өндіруші markirovka.kz таңбалаудың ақпараттық жүйесінде "GS1-Kazakhstan" автоматты сәйкестендіру қауымдастығына кіруі керек

Осыдан кейін 487 префиксі бар GTIN алынады. Импорттаушы GTIN-ді аяқ киім өндірушісінен алады.

Егер өндірушіден GTIN туралы ақпарат болмаса, импорттаушы "GS1-Kazakhstan"-да тіркеліп, 487 префиксі бар GTIN алуы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу