Бағдат Мусин: Қазір жақын шетелдің 468 компаниясы Қазақстанға релокация бойынша бізден кеңес алып жатыр

1262

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанға шетелдік ІТ-мамандардың келуінің қандай пайдалы тұстары бар екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Бағдат Мусин: Қазір жақын шетелдің 468 компаниясы Қазақстанға релокация бойынша бізден кеңес алып жатыр

Министрдің айтуынша, көрші елдерден ІТ-мамандардың келіп жатқаны кеше емес, олар бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Соның мысалы ретінде inDriver компаниясын атап өтті.

"Қызметін қазақстандықтар да пайдаланатын осындай команданың келгеніне біз қуаныштымыз", – дейді ведомство басшысы.

Astana_hub әуел бастан халықаралық технопарк ретінде құрылған. Бағдат Мусиннің сөзінше, әлемдік деңгейдегі компаниялар мен мамандарға мүмкіндік беру арқылы біз өзімізге де тиімді жағдай қалыптастырамыз, шетелдік мамандармен тәжірибе алмасамыз және қазақстандықтар үшін жұмыс орны көбеймек.

"Бүгінгі таңда Хабта 641 ІТ-компания тіркелген, соның ішінде 70-сінде шетелдік құрылтайшылар. Қазір жақын шетелдің 468 компаниясы Қазақстанға релокация бойынша бізден кеңес алып жатыр", – дейді Мусин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу