Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысында индустриялық нысандарды аралады

641

Бақытжан Сағынтаев Ақтөбе облысында индустриялық нысандарды аралады

Елбасы тапсырмасымен премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысында жүр, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жұмыс сапары Мұғалжар ауданынының өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралаудан, атап айтқанда, Жаңажол вахталық кентінің дамуымен танысудан басталды. Премьер-министрге газ өңдеу зауытында табиғи ілеспе газды өңдеудің автоматтандырылған процесі көрсетілді, осы жерде Алтынды ауылындағы "Altyn EX" ЖШС тау-кен байыту комбинатының және Жаңа таң ауылындағы "Газ процессинг компани" ЖШС газ өңдеу зауыты құрылысының макеттік нұсқалары таныстырылды.

Бақытжан Сағынтаев облыс экономиканың маңызды нысандарының бірі және өңірлік индустрияландыру картасына кіретін "СНПС–Ақтөбемұнайгаз" АҚ газ өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Жоба "Жаңажол" кен орнында іске асырылған және мұнай дайындауға, ілеспе мұнай газын күкіртті сутегінен және меркаптандардан тазартуға, ал алынған күкіртті сутегінен күкірт шығаруға, сондай-ақ сұйытылған газ алуға мамандандырылған.

Кешеннің басшысы Б. Тасмағамбетов зауыт толықтай автоматтандырылғанын айтты. Газ өңдеу зауытында өндірілетін тауарлық газ "Бейнеу – Бозой – Шымкент" магистральді газ құбыры арқылы оңтүстік өңірлерге жеткізіледі, осылайша Елбасының "Бес әлеуметтік бастамасы" аясында елімізді газбен жабдықтауға ерекше үлес қосады.

Бүгінде өнім түрлері бойынша өндіріс көлемі: газ дайындау — 6,5 млрд м3; мұнай дайындау — 3,84 млн т; сұйытылған газ өндіру — 550 мың т құрайды.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары Қ. Бекенов премьер-министрге қолда бар әлеуетті ескере отырып, мұнай-химия зауытын салу міндеті тұрғанын жеткізді, ол Ақтөбе облысының және жалпы Қазақстанның мұнай-химия саласын дамытуға қосымша серпін береді.

Сонымен қатар, Бақытжан Сағынтаевқа Алтынды ауылындағы "Altyn EX" тау-кен металлургия комбинатын салу жобасы таныстырылды. Бүгінгі таңда компания Қазақстандағы құрамында алтыны бар ең ірі кендердің бірі — "Юбилейное" кен орнын әзірлеумен айналысады. Бұған қоса, кәсіпорынның құрылтайшысы Е. Достыбаевтың айтуынша, комбинат құрылысы өнімділікті арттырып, сондай-ақ ДОРЕ (қорытпаны алтын кен орындарынан алып, одан әрі тазарту үшін мұнай аффинаж зауыттарына жібереді) алтын-күміс қорытпасын шығарумен селдір кендерді қайта өңдеуге жол ашатынын айтты.

Жаңа өндіріс орнында заманауи технологиялар және алдыңғы қатарлы жоғары өндірістік жабдықтар қолданылатын болады. Өндірістің жылдық қуаттылығы жылына 5 млн тоннаға дейін құрамында алтыны бар кендерді құрайды. Бұл комбинаттың Қазақстандағы құрамында алтыны бар кендерді өңдеуде екінші орында болуына және еліміздің әлемдік алтын өндірісіндегі пайыздық үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Құрылысты 2020 жылға қарай аяқтау жоспарланған. Өндіріс іске қосылғаннан кейін 800 жаңа жұмыс орны құрылатын болады.

Сонымен қатар, премьер-министрге "Gas Proсessing Company" ЖШС іске асыратын Байғанин ауданындағы Қожасай кен орнындағы газды кешенді әзірлеу қондырғысын салу жобасы таныстырылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу