Бақытжан Сағынтаев Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнына барды

3274

Аралау барысында премьер-министр  көмірсутек өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты. 

Бақытжан Сағынтаев Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орнына барды

Бүгін мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жұмыс сапарының кестесіндегі алғашқы нысан әлемдегі ең ірі кәсіпорындардың бірі — Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны болды. Ол 280 кв км астам аумақты қамтиды. Өндіру көрсеткіштері республикадағы барлық газ өндірудің шамамен 45% және сұйық көмірсутектердің жалпы өндірісінің шамамен 16% құрайды, ал жалпы бағалау қорлары 2,4 млрд баррельден астам конденсат және 16 трлн текше фут газды құрайды.

Аралау барысында премьер-министр  көмірсутек өндірісінің технологиялық үдерісімен танысты.

"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясының бас директоры Эдвин Блом кәсіпорынның негізгі нәтижелері туралы баяндады. Қарашығанақ 12 млрд баррель сұйық көмірсутек пен 57 трлн текше фут газды қамтиды, олардың шамамен 11% қазіргі таңға дейін өндірілді. Э. Блом Қарашығанақты игерудің 21 жылы республика бойынша барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар 42% қамтамасыз етілді, бұл кен орнын одан әрі игерудің үлкен келешегі бар екенін дәлелдейді.

Оның айтуынша, ҚПО өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, жақсы өндірістік көрсеткіштерді тұрақты көрсетуде.

"Біздің экологиялық көрсеткіштеріміз әлемдік деңгейге сай келеді. Экологиялық қауіпсіздіктің өте қатаң стандарттары өндірісте ғана емес, сондай-ақ, кең ауқымда да сақталуда. Осымен екінші жыл қатарынан біз Оралда экологиялық форум ұйымдастырдық, оған біз экологиялық қауіпсіздікті арттыру мәселелерін талқылау үшін тек ҚПО қызметкерлерін ғана емес, сонымен қатар мердігерлерді де шақырамыз. Өйткені, бүгінгі күні көрсеткіштер жақсы болғанымен, алдағы күндері олар жеткілікті түрде жақсы болмауы мүмкін. Қоршаған орта өзгеріп жатыр", — деді Эдвин Блом.

Бұдан өзге, Бақытжан Сағынтаевқа Қарашығанақ кен орнын пайдалануды кеңейту және мерзімін ұзарту қондырғыларының жұмысы туралы толығырақ баяндалды. Бүгінде мұнай негізінен Қара теңіздегі "Оңтүстік Озереевка" портына апаратын КҚК құбыр желісі арқылы экспортталады. Мұнайды сатудың тағы бір бағыты — "Транснефть" компаниясының көлік жүйесімен байланысатын "Атырау–Самара" құбыры арқылы жеткізіледі, ол Приморск портына және бірқатар еуропалық бағыттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынды технологиялық жаңғырту және Индустрия 4.0 элементтерін енгізу туралы айта отырып, ҚПО бас директоры бүгінде консорциум акционерлері Қарашығанақ кен орнын игеруге $23 млрд астам инвестиция салғанын айтты. Кен орнын игеру кезінде ең озық технологиялар пайдаланылады. Бұл максималды экономикалық кіріс алумен жер қойнауын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ҚПО басшылығы технологиялық жабдықтарды қолдауға одан әрі инвестиция салуға ниетті.

Бұдан өзге, ҚПО Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының қажеттіліктері үшін электр энергиясын жеткізеді. Осы мақсаттар үшін газ-турбиналық электр станциясы жұмыс істейді, оның негізгі мақсаты — кен орнының және жақын маңдағы елді мекендердің барлық өндірістік кешенін өзінің электр қуатымен қамтамасыз ету.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу