Бақытжан Сағынтаев пен Виктор Садовничий Қазақстан мен Ресейдің ғылым саласындағы ынтымақтастығын талқылады

798

Бақытжан Сағынтаев пен Виктор Садовничий Қазақстан мен Ресейдің ғылым саласындағы ынтымақтастығын талқылады

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничиймен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған ММУ іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер орталығы мен "Астана" Халықаралық ғылыми кешенін дамыту перспективалары талқыланды.  

Айта кетейік, "Астана" Халықаралық ғылыми кешені (ХҒК) 2015 жылы Мемлекет басшысының басты құрылымы – "Астана" талдау орталығы базасында құрылған.  

Бүгінгі таңда ХҒК-да үш институт пен екі орталық жұмыс жасайды: Астана экономика мектебі, Халықаралық қатынастар және қауіпсіздік институты, Саяси және тарихи зерттеулер институты, Тұрақты даму орталығы, Әлеуметтік зерттеулер орталығы.   

Жоба қатысушылары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей), Фудань университеті (Қытай), Колумбия университеті (АҚШ) және Кембридж университеті (Ұлыбритания).

Астана қаласындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы 2000 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың бастамасымен Ресей Федерациясының Президенті В. Путиннің қолдауымен құрылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу