Бақытжан Сағынтаев Тимур Сүлейменовке сын айтты

989

Премьер-министр ұлттық экономика министрінің баяндамасын тыңдағаннан кейін 11 өңірдегі төмен көрсеткіштер экономикадағы қолайлы үрдістерге сай келмейтінін атап өтті.

Бақытжан Сағынтаев Тимур Сүлейменовке сын айтты

Бүгінгі үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов 2018 жылдың сегіз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен республикалық бюджеттің атқарылуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов осы жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстан экономикасының оң өсу үрдісі сақталып отырғанын айтты.

Құрылыс саласы 3,6% мақсатты көрсеткіш кезінде бар болғаны 0,8% өсті. Жеті айда өсім 1,3% болған.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 21,4% өсті, оның ішінде жеке инвестициялар — 26,8%.

Өз баяндамасында министр бірқатар облыста өндіріс көрсеткіштерінің төмендегеніне назар аударды.

"Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Түркістан және Қызылорда облыстарында өнеркәсіп өнімдері өндірісінің төмендеуі байқалады. 1,1%-тен 3,9%-ке дейінгі қарқынмен республикалық мәннен төмен өсім Алматы, Маңғыстау, Павлодар, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы және Шымкент қалаларында тіркелді", — деп баяндады ұлттық экономика министрі.

ҚР ҰЭМ деректеріне сәйкес, аталған өңірлерде мұнай мен газ конденсатын, уран кенін өндіру, жүк вагондары және ұн өндірісі қысқартылды.

Құрылыс бойынша теріс мән Астана қаласында және Павлодар облысында байқалады. Астана қаласында ағымдағы жылдың 7 айындағы (-19,1%)-тен (-21,7%)-ке дейін төмендеу тереңдей түсті.

Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев ұлттық экономика министрінің баяндамасын тыңдағаннан кейін 11 өңірдегі төменгі көрсеткіштер экономикадағы қолайлы үрдістерге сай келмейтінін атап өтті. 

"Айтқан сөздеріңіздің бәрі дұрыс, алайда сіз бесінші және алтыншы слайдтарды көрсеткен кезде, қолайлы үрдіс сақталып отыр дедіңіз. Өндіріс туралы айтар болсаңыз, 11 өңір өнеркәсіп бойынша республикалық деңгейден төмен тұр, неліктен қолайлы деп айтамыз? Бұдан кейін құрылыс, инвестициялар салаларын қараңыз: тек төрт өңір ғана республикалық деңгейден жоғары тұр, ал бұл нені білдіреді? Егер де негізгі капиталған инвестициялар салынбайтын болса, онда өндірісте даму болмайды, қалай бұл жағдайды қолайлы деп айтуға болады, бірінші кезекте өзіңізге талап қоюыңыз керек, сосын барып басқа жұртқа ақыл айтыңыз", — деді Бақытжан Сағынтаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу