Бақытжан Сағынтаев "BAYAN компаниясының" технологиялық үдерісімен танысты

828

Бақытжан Сағынтаев "BAYAN компаниясының" технологиялық үдерісімен танысты

Бүгін Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Жезқазғанда кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау аясында жүзеге асырылған "BAYAN компаниясы" ЖШС мамандандырылған өнімдер шығаратын өндірістік кәсіпорнына барды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Бақытжан Сағынтаев объектіде азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша технологиялық желілер жұмысымен танысты. Сондай-ақ, премьер-министрге кәсіпорынның ғылыми әзірлемелері туралы баяндалып, осында шығарылатын өнімдердің сұрыпталымы таныстырылды.

"BAYAN компаниясы" ЖШС бас директоры Ә. Ысқақова кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы 150 млн теңгеден астам сомаға, жылына 143,5 тонна өнімді құрайтынын мәлімдеді. Зауытта ірімшік және қышқыл сүт өнімдері, шырындар, сарысулы сусындар мен ішетін йогурттер шығарылады.

Өнімдер түсті металлургия кәсіпорындарының өндіріс алаңдарына, Жезқазған мен Сәтпаевтың сауда орындарына, сондай-ақ Ресей Федерациясының нарығына (Иркутск, Красноярск, Омбы, Барнаул, Новоалтайск) жеткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу