Бақытжан Сағынтаев "Яндекс" компаниялар тобының басшысымен кездесті

608

Бақытжан Сағынтаев "Яндекс" компаниялар тобының басшысымен кездесті

Бүгін таңертең үкімет үйінде ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан елордасына ХІ Астана экономикалық форумына қатысу үшін келген "Яндекс" компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы Аркадий Воложбен кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кездесу барысында "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы аясында компаниямен ынтымақтастықты дамыту мәселелері және төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында технологияларды дамытудың жаңа мүмкіндіктері талқыланды.

Айта кетсек, Аркадий Волож — И. М. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ институтының түлегі. Comptek желілік және телекоммуникациялық жабдықтарды сату компаниясының негізін қалаушы.

Ресейлік құжаттық электр байланысы қауымдастығының сымсыз байланыс желілері комитетінің басшысы ретінде ол сымсыз байланыс операторларына жиіліктерді реттеу процесіне қатысты. МФТИ инновациялар және жоғары технологиялар факультетінде "Деректерді талдау" кафедрасының меңгерушіс, "Яндекс" компаниялар тобының тең негізін салушы және басшысы (акциялар пакетінің 11,82% ие).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу