Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың кешенді жоспары талқыға шығарылды

760

Үкімет "Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары қамтамасыз ету жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітуді ұсынып отыр.

Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғаудың кешенді жоспары талқыға шығарылды Фото: qarmaqshy-tany.kz

Бұл бағытта алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың барысы Ашық НҚА сайтында жарияланған құжатта жазылған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қаулының мақсаты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балаларға білікті, уақытылы көмекті көрсету жүйесін құру, сонымен қатар, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған кешенді қосымша шаралар қабылдау. Осы қаулы жобасы қабылданған жағдайда заңнаманы енгізілетін жобаға сәйкес келтіруді талап етпейді. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын және жоспарда көзделген көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етсін. Олар жылына екі рет, есепті жартыжылдықтан кейінгі 15 қаңтардан және 15 шілдеден кешіктірмей Оқу-ағарту министрлігіне шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын", – деп көрсетілген қаулыда.

Жоспар бойынша 2023-2025 жылдар аралығында балаларды қорғаудың басым бағыттары:

- кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстардың жолын кесу;

- кәмелетке толмағандардың дербес деректерін, оның ішінде интернет желілерінде қорғау;

- зорлық-зомбылықтың құрбаны және куәгері болған кәмелетке толмағандарға қажетті көмек көрсету жөнінде қолданыстағы заңнамаға ұсыныстар әзірлеу;

- балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру;

- жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін "адам өмірлік қиын жағдайда" деп танылуы мүмкін негіздерді кеңейту;

- кәмелетке толмағандардың өз бетінше құқық қорғау органдарына жүгінуі үшін заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

- балаларды скринингтік тексеруден өткізу тәртібі мен кезеңділігін өзгерту;

- кәмелетке толмағандардың немесе кәмелетке толмағандарға қатысты білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің ішкі істер органдарына жасаған құқыққа қайшы әрекеттері туралы хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қатаңдату.

Сонымен қатар жоспарға кинотеатрларда жас шектеу бойынша талаптардың сақталуын бақылауды күшейту нормасы енгізілген. Мұнымен қоса, билеті жоқ балаларды қоғамдық көліктен түсіруге тыйым салынады. Кешенді жоспарда көрсетілген ұсыныстарды бірі – өмірлік қиын жағдайға тап болған тобындағы кәмелетке толмағандардың республикалық дерекқорын құру.

Қаулыда жазылғандай, бұл жұмыстарды іске асыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттен қосымша қаражат талап етілмейді.

Құжат 11 қарашаға дейін ашық талқылауда болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу