Биыл жол апатынан 2 мың адам қаза тапқан

134

2024 жылы елімізде 22 мыңнан астам жол апаты тіркелді.

Биыл жол апатынан 2 мың адам қаза тапқан Фото: aikyn.kz

Барлығы 2 мың адам қаза тауып, 25 мыңнан астам адам жарақат алған. Бұл туралы ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жол апаты мен жарақат алғандар көрсеткіштерінің өсуі жол-көлік оқиғаларын есепке алу тәсілінің өзгеруімен байланысты. Қазір денсаулыққа келтірілген зиянға қарамастан, жол апатынан кейін медициналық мекемеге жүгінген барлық адамдар есепке алынады", – деді спикер.

Қайсар Сұлтанбаевтың айтуынша, жолда қаза тапқандар санының артуы апаттың негізгі үш түріне байланысты, олар: автокөліктердің бетпе-бет соқтығысуы; жаяу жүргіншілерді қағып кету; көліктердің аударылуы. Аталмыш себептермен қайтқандардың саны жалпы жол апатында мерт болғандардың 73%-ын құрайды.

"Апаттың осы үш түрінің негізгі себебі - жылдамдықты арттыру. Жылдамдық режимін бақылаудағы тиімді шешім – автоматты камераларды қолдану. Олардың саны бүгінде шамамен 25 мың. Оның ішінде, елордада – 6 мыңнан астам, Алматыда – 9 мыңнан астам және Шымкентте – 2 мыңға жуық бірлік. Камералар жалпы жол ережелерін бұзу фактілерінің 70%-ын анықтап отыр. Одан бөлек, статистика бойынша жол апатының 84%-ы елді мекендердің үлесінде", – деді спикер ОКҚ алаңында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу