Биыл "ҚазМұнайГаз" ішкі нарыққа 2,9 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр

885

Биыл "ҚазМұнайГаз" ішкі нарыққа 2,9 млн тонна мұнай жеткізуді жоспарлап отыр

"ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ 2016 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдың топтастырылған қаржылық есептілігін жариялады.

Компанияның баспасөз қызметі  хабарлағандай,  2016 жылы түсім 727 млрд теңгені (2 128 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2015 жылдағыдан 37%-ға жоғары. Табыстың өсуі негізінен мұнай процессингі схемасына ауысуына және Брент бағасының 17%-ға төмендеуімен ішінара өтелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 54%-ға артуына байланысты болды.

2016 жылы таза пайда 132 млрд теңге (385 млн АҚШ доллары), ал операциялық қызметтен таза ақша ағымдары 159 млрд теңгені (466 млн АҚШ доллары) құрады.

"2016 жылғы 31 желтоқсанда таза ақша қаражатының сомасы[2] 1 172 млрд теңгені (3,5 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасымен салыстырғанда, 79 млрд. теңгеге (295 млн АҚШ доллары) немесе 7%-ға артық", – делінген  хабарламада.

ҚМГ БӨ "Қазгермұнай" БК" ЖШС (ҚГМ), "CCEL" (CCEL) және "ПетроҚазақстан Инк." (ПҚИ) компанияларындағы үлестерін есепке алғанда, 2016 жылы 12 155 мың тонна (тәулігіне 245 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 2 %-ға кем.

ӨМГ және ЕМГ қорларынан ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2015 жылғы 33%-бен салыстырғанда, 2016 жылы 41%-ға дейін артты. Осыдан бұрын хабарланғандай, 2017 жылы ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2,9 млн тоннаны (тәулігіне 57 мың баррель) немесе жалпы сату көлемінің 33%-ға жуығын құрайды деп жоспарланады.

ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлеміндегі үлесі 3 676 мың тонна мұнайды (тәулігіне 75 мың баррель) құрады, оның ішінде 1 832 мың тонна (тәулігіне 36 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 50%-ын құрайды. Ішкі нарыққа 1 844 мың тонна (тәулігіне 39 мың баррель) мұнай сатылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу