Биыл "Samruk-Kazyna Trust" Павлодар облысында 20 жобаны іске асырады

1004

Биыл "Samruk-Kazyna Trust" Павлодар облысында 20 жобаны іске асырады

"Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры Павлодар облысында 2017 жылы 20 жобаны іске асыруды көздеп отыр, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін Достық үйінде "Менің елім" әлеуметтік инвестиция жобасы бойынша өткен қорытынды жиналыста "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Ерлан Даримов хабарлады.

"Біріншіден, облыстың әлеуметтік мемлекеттік құрылымын дамытуды жоспарлап отырмыз, оның аясында Екібастұз өңірінде балаларға арналған спорт аулаларын құру. Екіншіден жергілікті қоғамдық орындарды дамыту, бұл бағытта гранттар конкурсы жарияланып, үкіметтік емес ұйымдарға көңіл бөлінбек. Грант құны 500 мың теңгеден екі миллион теңгеге дейін. Сондай-ақ мәдени ошақтарды да дамыту қолға алынады. Туристік потенциалды дамытуға баса назар аударамыз. Төртіншіден, салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында республикалық чемпионаттар өткізіледі. Мәселен биыл Павлодарда жастар арасында республикалық Street Workout жарысы өтеді. Бұл бағытта біз жергілікті хоккей, баскетбол клубтары мен бокс федерациясына қолдау көрсетіп келеміз. Мектептер арасында түрлі сайыстар өткізіп, нәтижесін сайтымызда жариялаймыз. Өтініштерді әкімдікпен бірлесе отырып талқылаймыз. Жеңімпаз атанған білім ордалары 42 атаулы құрал-жабдықпен жабдықталады. Айта кетерлігі, облыста жеті түзету мектебі бар екен, олар 2007 жылдан бері жаңа спорт құрал-жабдықтарымен жабдықталмаған. Бұл мәселе де шешімін табады, – деді Ерлан Даримов.

"Samruk-Kazyna Trust" әлемуеттік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас атап өткендей, барлық жобалар құрамында "Samruk-Kazyna Trust" менеджері бар жұмыс топтарымен, әкімдік және қоғамдық бірлестіктердің өкілдерімен, сондай-ақ "ПМХЗ" АҚ, "ГРЭС-1" ЖШС, "Екібастұз ГРЭС-2 станциясы" АҚ, "Солтүстік ЖЭС" филиалы, "КЕГОК" АҚ, "Богатырь Көмір" ЖШС, РМК филиалдары, "Қазақстан темір жолы" мен "Қазпошта" АҚ-мен бірге қаралады. Естеріңізге сала кетсек, "Менің елім" әлеуметтік инвестиция жобасы өткен жылы басталған болатын. Бұл жоба аймақтағы тұрғындардың өмірін жақсартуға бағытталған. Қазіргі күннің өзінде Ақсу мен Павлодар қалаларында сынамалы жобалар іске қосылды. Мысалы: балалар үшін тоғыз әмбебап спорт алаңдары құрылды: футбол алаңы, хоккей корттары, воркаут, стритбол алаңы мен тағы да басқалары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу