Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

7413

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз ел ретіндегі өзінің мүлде жаңа тарихына қадам басты. 

Бүгін  –  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Бүгін елімізде ұлық мереке  –  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз ел ретіндегі өзінің мүлде жаңа тарихына қадам басты. Сол күні Қазақстан президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" Конституциялық Заңына қол қойды. Ал бұл заңның Жоғарғы Кеңесте талқылап, қабылдануы да сол кезең үшін үлкен белес еді, деп жазады ҚазАқпарат.

Тәуелсіздік күні - 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қол қойған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы" және 2008 жылғы 25 маусымдағы және 2009 жылғы 22 сәуірдегі заңдармен өзгертулер енгізілген 2001 жылғы желтоқсанның 13-інде "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес аталып өтеді. Әйтсе де бұл күнді қатардағы мерекелік дата ретінде қарауға келмес. Бұл туралы Елбасы Н.Назарбаев: "Меніңше, Тәуелсіздік күні тек ресми бекітілген мерекелік дата ғана болуға тиісті емес. Бұл күннің одан анағұрлым маңызы үлкен мазмұны бар. Ол тәуелсіздік жолындағы күрестің нүктесін қоюмен бірге, оның басталған күні де болды. Бүгін әр қазақстандық оны өзінің жеке тәуелсіздігі мен табысты күні есебінде мерекелей алады", –  деген болатын.

Ендеше, егемен ел атанған Қазақстан үшін қандай да болмасын мерекенің, мейрам мен тойдың атасы - Тәуелсіздік күні екендігі даусыз әрі бұл солай болуға да тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу