Дели – Алматы ұшағында жолаушы көз жұмды

597

Әйел онкологиялық сырқатқа шалдыққан екен.

Дели – Алматы ұшағында жолаушы көз жұмды

AirAstana авиакомпаниясының Дели – Алматы рейсін орындаған ұшақта жолаушы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның 67 жастағы азаматшасы ұшар алдында өзін жайсыз сезініп, билетін келесі күнге ауыстырған екен. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, әйел онкологиялық сырқатқа шалдыққан. Ұшу барысында оның жағдайы күрт нашарлаған. Көмек көрсетуге барған Алматы Халықаралық әуежайының медициналық қызметі оның қайтыс болғанын мәлім етті", – делінген Алматы Халықаралық әуежайының ресми парақшасында. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу