Депутат БЖЗҚ ақшасы қай елдердің құнды қағаздарына салынғанын айтты

998

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың айтуынша, БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің едәуір бөлігі кейінгі кезде басқа елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарына салынған салымнан тұрады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Депутат БЖЗҚ ақшасы қай елдердің құнды қағаздарына салынғанын айтты

"Мексика – 10,6 млрд теңге, Қатар – 18,3 млрд теңге, Колумбия – 6,4 млрд теңге, Кувейт – 4,7 млрд теңге, Сауд Арабиясы –31,5 млрд теңге, Марокко – 13,6 млрд теңге", – деді Айқын Қоңыров.

Ал АҚШ мемлекеттік бағалы қағаздарын таза сатып алу көлемі 245,4 млрд теңгені (таза сатып алу – 382,9 млрд), Индонезия бойынша 18,5 млрд, Филиппин бойынша 3,5 млрд теңгені құраған. Табыстылық дәстүрлі түрде шағын АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салынған инвестициялар 0,05%-ды, ал басқа елдер үшін орташа алынған мөлшерлеме жылына 3,3%-ды құраған.

"Шетелдік жобаларға салынған инвестицияның нәтижелеріне, олардың тиімділігіне, келеңсіз салдарға әкеп соқтырған шешімдерді қабылдаған тұлғалардың жауапкершілігіне қатысты ақпараттың ашықтығы мен талдауының жоқтығын ерекше атап өтеміз. "Қазақстан Халық партиясы" фракциясы бұл қаражат ел ішінде әлдеқайда көп пайда әкеліп, сыртқы несиелер деңгейін төмендетуге, жергілікті стартаптарды дамытуға және басқа да қажетті жобаларға септігін тигізер еді деп есептейді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, соңғы 10 жылда ұлттық компанияларымыздың қандай активтері барын, қандай активтерге ие болғанын, инвестор компанияны көрсете отырып, басқа елдердің экономикасына Инвестицияланған жобалар, олардың рентабельділік немесе шығын коэффициенті, мерзімдері мен шарттарын да білгіміз келеді", – дейді ол Үкімет пен Ұлттық банк басшылығына жолдаған депутаттық сауалында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу