ЕАЭО-дағы кедендік рәсімдерге өзгерістер енгізіледі

1126

ЕАЭО-дағы кедендік рәсімдерге өзгерістер енгізіледі

"Еуразиялық апта" форумы аясында ЕЭК кедендік блогы Мәскеуде "Кедендік реттеу: даму, жетілдіру және жеңілдету" дөңгелек үстелін өткізді. Қатысушыларға кедендік реттеуде болатын өзгерістер таныстырылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

ЕЭК кедендік заңнама және құқық қолдану тәжірибесі департаментінің директоры Дмитрий Некрасов атап өткендей, құрастырушыларға қойылған негізгі мақсат ақпараттық технологиялардың заманауи даму деңгейін ескеріп, кедендік реттеуді жаңғырту, озық стандарттарды пайдалану және интеграция деңгейін көтерді.  

Нормалар ЕАЭО КК жобасындағы кедендік құқықтық қатынастарды реттеу немесе ЕЭК-ге оларды реттеу өкілеттілігін беру арқылы жетілдірілді. Осылайша, ЕАЭО КК жобасында Комиссия деңгейінде реттелген мәселелер саны Кедендік одақтың Кедендік кодексіне қарағанда екі есе көп – сәйкесінше 60 және 30.

ЕЭК өкілдері одақтық кедендік заңнама жобасына қатысты жұмыстың форматына назар аударды.  

"ЕАЭО Кедендік кодексінің жобасын Комиссия, меморгандар мен бизнес құрастырды. Бизнес ауқымды құжатты дайындауға бастан аяқ қатыса алды. ЕЭК есігі кәсіпкерлік қоғамдастықтың сарапшылары үшін ашық болды. Бұл теңдессіз тәжірибе. Нормативтік-құқықтық актілерді дайындау тәжірибесінде мұндай бұрын соңды болмаған", – деді Д.Некрасов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу