ЕХРО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті

1061

ЕХРО-2017 көрмесіне қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті

Тынық мұхит альянсының мемлекеттері – Чили, Мексика, Перу, Колумбия мен Барбадос ЕХРО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатындығын растады. Демек, көрмеге қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті, деп хабарлайды 24 Хабар.

Көрмеге қатысатындығын енді растаған мемлекеттердің пікірінше, оның "Болашақ энергиясы" тақырыбы Тынық мұхиты альянсы мемлекеттері үшін өзекті. Өйткені, онда баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін белсенді түрде зерттеуде. Мысалы, тау кен қазу өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан Чили мемлекеті күн және жел энергиясын жиі пайдалануға көшуде. Сонымен қатар, Перу гидроэнергетикалық ресурс, табиғи газ, газдық конденсат қорының мейлінше мол екендігіне қарамастан күн, жел және геотермалды энергияны пайдалану саласын жетілдіруде. Колумбия – күн энергиясы негізінде өз автокөлігін шығарған мемлекет, оның сондай-ақ, баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауқымды әлеуеті бар. Мексика – мұнай өндіруші мемлекет әрі энергияның жаңа көздерін табуда белсенді іздестірулер жүргізуде. Аталған өңірде БЭК (ВИЭ) өндіруде әлемдік лидер танылған Коста-Рика да орналасқан. Олар баламалы энергия көздерінің 90%-ын пайдаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу