Ұлыстың ұлы күнін екібастұздықтар да ерекше тойлап жатыр. Қала тұрғындары үшін "Мерекелік автобус" жолға шықты. Бұған мектеп оқушылары бастама жасаған, деп хабарлайды 24.kz.
Еріктілер тобы кеншілер қаласының тұрғындарын әз Наурызбен құттықтап, өздері жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдарды сыйға тартты.
Орталық алаңда қала өнерпаздары әнмен жырдан шашу шашты. Қытымыр қыстың ызғар, әлі кете қоймаса да, халықтың көңілі көтеріңкі. Наурыз көженің дәмін татып, ақ тілектерін ақтарып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу