"Экобокс" пайдалану челленджі жалғасуда

1986

Челлендж Kassa Nova банкіне жолданды.

"Экобокс" пайдалану челленджі жалғасуда

"EcoJer" қазақстандық экологиялық аймақтық бастамалар қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің директоры Рүстем Қабжанов экологиялық үлкен мәселені аз шығын жұмсап, шешу жолдарын айтып берді.

"Қазір Қазақстанның қоқыс полигондарында 100 млн тоннадай қоқыс үйіндісі бар. Олар қалалардан шығатын жылына 4 млн тонна коммуналдық қалдықтардан жинақталады. Шіріген қалдықтар топыраққа, суға және ауаға өтіп, экологияға нұқсан келтіреді. Осындай коммуналдық қалдықтарды ажыратып, дұрыс өңдеу ел экологиясы үшін маңызды мәселе. Сол себепті, "EcoJer" ұйымы "Eko Network" жобасымен бірлесе отырып қоғам, мемлекет тарапынан жиі айтылатын тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесіне қолдау көрсетуге кірісті. Бүгін офисімізде "экобокс" деп аталатын арнайы жәшіктер қойып жатырмыз. Ол жәшіктерге офис жұмысынан қалған қоқыстар тасталады. Бірінші кезекте, әрине ең көп шығарылатын қалдық – қағаз. Екінші жәшік пластик қалдықтарын тастау үшін қойылды. Үшіншісі – металл қалдықтарына арналған. Жәшіктер толған кезде, олар қайта өңдеуге жіберіледі", – деді ол.

Сөз соңында Рүстем Қабжанов "Экобокс" пайдалану челленджін Emireld Towers бизнес орталығының әкімшілігіне жолдады.

Emireld Towers бизнес орталығының коммерциялық бөлімінің өкілі Олжас Ахметбеков челленджді қабылдады.

"Экологиялық таза орта қалыптастыру мақсатында бірқатар жоба енгізіп жатырмыз. Ғимаратымыз да жасыл түсті. Бизнес орталығының ғимаратында өте көп қағаз пайдаланылып, кейін лақтырып тасталатынын клининг қызметкерлері қоқыс жинап жүрген кезде көремін. Сол себепті аз да болса, экологиялық жобаға өз үлесімізді қосқымыз келеді. "EcoJer" ұйымы бізге челлендж табыстады. Шын ниетімізбен қабылдап, "Eko Network" компаниясының экобокстарын орнатып жатырмыз. Челленджді Kassa Nova банкіне жолдаймыз", – деді ол.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу