"Екпе өте маңызды нәрсе. Әрине біз міндетті түрде осы сұрақты қазір қарастырып жатырмыз. Өзіңіз білесіз, вакцинаны ең басында кіргізгенде халықтың ішінде қандай у-шу пайда болғанын. Енді мына кісілер аман қалып жатқанда екпе керек екеніне жұрттың көзі жетті. Қазір деген дәлелдеме медицина ғой. Егер де мынау бүкіл халықаралық журналдарда осындай мәлімдеме болса, әрине біздің ел бұл мәселені міндетті түрде қарастырады", – деп штаттан тыс бас инфекционист.
Сонымен қатар Динагүл Баешева бүгінде балалардың ауруханаға интоксикация синдромымен түсетіндігін атап өтті. Оларда жоғары температура, жөтел, тыныс алудың қиындауы, іштің өтуі секілді белгілер байқалады. Қауіп-қатер тобындағы балаларды – жаңа туғаннан үш айға дейінгі сәбилерді, орталық жүйке жүйесіне қатты зақым келген балаларды бұл ауру түрінен қорғау керек деді маман.
"Ең алғашқыда көбінесе 5-тен асқан балалар түсетін. Қазіргі күнде жаңа туғаннан бастап 18 жасқа дейін. Біз бәрін стационарға жатқыза бермейміз. Көбінесе 90 пайызы емханаларда қаралады. Өйткені негізі жеңіл түрде өтетін ауру. Бірақ балалардың ішінде қосалқы аурулар болса біз оларды стационарға жатқызамыз. Неге десеңіз қосалқы ауруы өршіп кетуі мүмкін", – деді балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі.
Айта кетейік, жыл басынан бері коронавирустық инфекциядан 7 205 бала стационарлық ем қабылдаған. 11 тамыздан бастап елде балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткішінің азаюы байқалады.