Елбасы: "Нұр Отан" партиясы модернизациялануға тиіс

1000

 Елбасы: "Нұр Отан" партиясы модернизациялануға тиіс

Әлемдік экономиканың даму үрдісінен Қазақстан да қалыс қалмауға тиіс. Сондықтан билеуші партия алдында модернизациялаудан өту міндеті тұр. Бүгін елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұр Отан" партиясы саяси кеңесінің отырысында осындай мәлімдеме жасады.

Осыған орай, президент жаңғырту бағдарламасының нақты механизмін түзуге тапсырма берді. Әрі, мемлекет басшысы партияның бастамасымен қолға алынған бағдарламаларды да жетілдіре түсу керектігін ескертті.

Әсіресе, "Нұрлы жол" мен "Нұрлы жер" жобасынан елдің күтері көп. 2000 жылмен салыстырғанда бүгінде қос бағдарламаға салынған қаржы 4 есеге артқан. Сондай-ақ, алға қойылған маңызды саяси жұмыстың бірі рухани жаңғыру болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу