Елбасы "Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталды

780

Елбасы "Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапатталды

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов Астана мен Қазан арасындағы мәдени және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды akorda.kz.

Мемлекет басшысы Р.Миннихановты Ресей күнімен құттықтап, екі ел арасында қалыптасқан достық қатынастар туралы айтты. 

– Ресеймен де, Татарстанмен де арамызда достық қарым-қатынас орныққан. Қазақтар мен татарлар тарихы, мәдениеті, тілі мен әдет-ғұрпы жағынан бір-біріне өте жақын. Экономикалық байланыстарымыз да жақсы. "KAMAZ" кәсіпорнымен жұмыс жүргіміз келеміз, Алматыдағы тікұшақ зауытына қатысты жобаны іске асырудамыз. Осы және басқа да экономикалық байланыстарды, соның ішінде мұнай химиясына қатысты байланысты жалғастыра беру керек, - деді елбасы.

Татарстан президенті Қазақстанға келген миссиясы туралы айтып, елордамыздың жаңа архитектуралық нысандарын және "Астана ЭКСПО-2017" көрме кешенін аралап көргеннен кейінгі әсері жөнінде ой бөлісті.

– Бүгін ЭКСПО-дағы экспозициямызды аштық. Сонымен қатар, Қазақстандағы серіктестерімізбен бірге болашақ жоспарларымызды талқыладық. Көрме кешені мені қайран қалдырды. Сізді көрменің ашылуымен құттықтаймыз. Сондай-ақ, қала көшесіне Сүйімбикенің аты берілуіне орай ризашылығымды білдіремін, – деді Р.Минниханов.    

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рустам Минниханов "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" жолын салу аясындағы инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және Қазақстан мен Татарстанның көліктік-транзиттік әлеуетін арттыру мәселелерін талқылады.

Кездесу соңында Р.Минниханов Қазақстан президентін "Татарстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін" орденімен марапаттап, мемлекет басшысын Татарстанға келуге шақырды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу