Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды

6996

Елбасы қазақ жерінің жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға үндейді. 

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды

Мемлекет басшысының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарияланды. Мақала Ақорданың ресми сайтында шықты.

Елбасы қазақ жерінің жаһандық тарихтағы орнына тың көзқараспен қарауға үндейді. Ұлы даланың жеті қыры туралы сөз қозғайды.

"Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз", - деп жазады.

Қазақ жерін мекен еткен ежелгі адамдардың ойлап тапқан техникалық жаңалықтарына, атқа міну мәдениетіне, олардың киім үлгісіне, қару-жарағы мен кен өндіру жетістіктеріне, ғылымдағы жетістіктеріне, мәдениетіне, жалпы алғанда Дала өркениетіне тоқталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу