Елімізде 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифтері өзгереді

124

Келесі айдан бастап Атырау мұнай зауыты мен Павлодар мұнай-химия зауыты мұнай өңдеу тарифтеріне өзгерістер енгізбек.      

Елімізде 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифтері өзгереді Фото: kmg.kz

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" 2025 жылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифін төмендетеді. Бір тонна шикі мұнайды өңдеу құны – 47 000 теңге. 

Тарифтің төмендеуі АМӨЗ-дің несиелік міндеттемелерін өтеу кестесін оңтайландыру нәтижесінде мүмкін болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Жаңа тариф қосылған құн салығын есепке алмағанда, бір тонна үшін 47 000 теңгені құрайды. Бұл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 7 450 теңгеге арзан. Бұған дейін тариф бір тонна үшін 54 450 теңге болған (ҚҚС-сыз). Тарифті төмендету туралы шешім мұнай өндіруші компаниялардың табысын теңестіру үшін қабылданды. Бұл еліміздегі барлық мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізушілер үшін бірдей жағдай жасауға әрі экономикалық ахуалды теңестіруге ықпал етеді. Сонымен қатар, ішкі нарықтағы мұнай өнімдерін одан әрі нығайтуға жол ашады", – деп түсіндірді АМӨЗ баспасөз қызметі.

Атырау мұнай өңдеу зауыты тұрақты даму бағытын берік ұстана отырып, ашықтық форматында өзінің қызметін жүзеге асырады. АМӨЗ мемлекеттік органдармен, саладағы серіктес компаниялармен тығыз байланыста жұмыс істеуді жалғастыра береді.

Ал, Павлодар мұнай-химия зауыты керісінше мұнай өңдеу тарифін қымбаттатады. "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС биылғы 1 мамырдан бастап мұнай өңдеу тарифін 34%-ке көтереді.

Жаңа тариф бойынша бір тоннасына 35 400 теңгені құрайтын болады (ҚҚС-ты есептемегенде).Қазіргі уақытта 1 тонна шикі мұнайды өңдеудің құны – 26 500 теңгені құрап отыр. 

"Бұл шешім өндірістік процестердің сенімділігі мен тиімділігін, экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған негізгі инвестициялық жобаларды қаржыландыру қажеттілігіне байланысты қабылданып отыр. 2025 жылы зауытта дизель отыны гидротазарту қондырғысын қайта құру көзделген. Бұл өнімнің сапасын жақсартуға және оның заманауи экологиялық стандарттарға сәйкес келуіне мүмкіндік береді. Бұған қоса барынша тұрақты және болжамды өндірістік циклды қамтамасыз ететін кеңейтілген жөндеуаралық кезеңге көшу, қайталама процестердің жүктемесін ұлғайту нәтижесінде мұнай өнімдері себетін жақсарту жоспарланған.

Операциялық тәуекелдерді төмендетуге және өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін көтеруге ықпал ететін технологиялық процестерді басқару жүйелері автоматтандырылады. Аталған шаралар кәсіпорынның тұрақты дамуына және өңдеудің жоғары деңгейін сақтауға бағытталған. Инвестициялық жобаларды іске асыру жеңіл мұнай өнімдерінің өнімділігін 73%-дан 75% -ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді кәсіпорынның баспасөз қызметінен.

Ал 1 мамырдан қолданысқа енетін тарифпен шамамен 34%-ға ұлғаяды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу