17 мың 425 медицина қызметкеріне үстемақы тағайындалған

1199

Оларға 3 млрд 371 млн теңге төленген. 

17 мың 425 медицина қызметкеріне үстемақы тағайындалған

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына" наурыз айында 17 мың 425 медицина қызметкерінің тізімі келіп түсіп, оларға 3 млрд 371 млн теңге үстемақы тағайындалған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. 

"Наурыз айында 17 мың 425 медициналық қызметкердің тізімі келіп түсті. Оларға 3 млрд 371 млн теңге үстемақы төленді. Олардың басым бөлігі үшінші топтағы мамандар. Яғни 9 мыңнан астам медицина қызметкеріне 846 млн теңге тағайындалды. Ал екінші топтағы 7 мың маманға жалпы сомасы 1,8 млрд теңге берілді. Ал қауіптілігі ең жоғары топтағы 1 мың 400 медицина қызметкеріне 717 млн теңге төленді. Сонымен қатар поликлиникалар мен жедел жәрдем қызметкерлеріне де үстемақы тағайындалғанын айта кеткім келеді. Яғни, 2,5 мың поликлинака қызметкеріне жалпы сомасы 185 млн теңге, 4 мыңға жуық жедел жәрдем қызметкеріне 1,2 млрд теңге төленді", – деді Айбатыр Жұмағұлов. 

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы үстемеақы  белгілеу туралы шешім қабылдаған. Оның негізігде індет жұқтыру қаупі бойынша медицина мамандары үш топқа бөленген. Олар: "қауіптілігі аса жоғары" – жансақтау бөлімінің мамандары мен инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Бұл санаттағы мамандарға берілетін үстемақы – 20 ең төменгі жалақыны құрайды, яғни – 850 мың теңге. Ал екінші санат – "қауіптілігі жоғары" топ. Оларға провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері жатқызылды. Аталған топтағы мамандарға 10 ең төменгі жалақы, яғни, 425 мың теңге тағайындалды. Ал "қауіптілігі орташа" үшінші топтағы медицина қызметкерлеріне – карантиндік стационарлардағы дә¬рігерлер, санитарлық дәрігерлер және тағы басқалары кіреді. Оларға 5 ең төменгі жалақы, яғни, 212, 5 мың тең¬ге көлемінде үстемақы тағайындалған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу