Елімізде кәсіби патронаттық отбасылар құрылуы мүмкін

Мәжілісте бала құқығын қорғау туралы заң жобасы таныстырылды. 

Елімізде кәсіби патронаттық отбасылар құрылуы мүмкін Фото: www.syrot.net

Мәжілісте "Кейбір заңнамалық актілерге білім беру және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Құжатта кәсіби патронаттық отбасы тұжырымдамасы енгізілген. Бұл өзгеріс балалар үйі тәрбиеленушілерінің санын азайтуға бағытталған.

ҚР Білім вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, заң жобасында балаларды балалар үйін айналып өтіп, дереу кәсіби патронаттық отбасыларға беру ұсынылып отыр. Сонымен қатар, мұндай бір отбасындағы бала саны төртке дейін шектеледі.

"Бұл отбасындағы әрбір баланың асырап алушылардың назары мен қамқорлығын алуы үшін қажет", - деді вице-министр.

Бала асырап алушыларға да жаңа талаптар қойылады. Олардың жасы 30 бен 53 жас аралығында болуы керек. Олар сондай-ақ психологиялық дайындықтан өтіп, қорғаншылық және қамқоршылық органдарынан аккредитация алуы қажет.

"Отбасыларға берілетін балалардың санаты да кеңейіп келеді. Енді жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардан бөлек, қараусыз қалған балалар, арнаулы әлеуметтік қызметке мұқтаж балалар да отбасыларға орналастырылады", - деді Еділ Оспан.

Оның айтуынша, кәсіби патронаттық тәрбиешілер әр баланы ұстауға ай сайын 10 АЕК және әрбір патронаттық тәрбиешінің қызметі үшін 70 АЕК көлемінде төленетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу