Елорда тұрғындары учаскелік инспекторларын білмейді

705

Астаналықтардың 58% соңғы 3 жылда құқық бұзушылықтардың құрбаны болған.

Елорда тұрғындары учаскелік инспекторларын білмейді Фото: inbusiness.kz

Полиция мәліметінше, пилоттық жобаны жүзеге асыру аясында тұрғындарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан азаматтардың жартысына жуығы (46%) өздерінің учаскелік инспекторларын білмейтіні анықталды. Респонденттердің тек 2% учаскелік пункттің немесе полиция бөлімінің орналасқан жерін біледі.

Мұндай жағдай тағы бір проблеманы тудырады. Полиция департаментінің жедел басқару орталығына шамадан тыс жүктеме түсуде. Елордалық ЖБО операторлары күніне 2-ден 2,5 мыңға дейін қоңырау қабылдайды. Олардың басым бөлігі немесе шамамен 40% қылмыстық емес сипаттағы өтініштер.

Яғни, учаскелік полиция қызметкерінің өз әкімшілік учаскесінің тұрғындарымен тікелей диалогын құру кезінде ЖБО операторларына жүктемені кем дегенде екі есеге қысқартуға болады. Азаматтар бүгін учаскелік инспекторға министрдің тапсырмасымен енгізілген ПИК чаттары арқылы жүгіне алады.

Нұр-Сұлтан қаласында пилоттық топ жүргізген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша қаланың 2000-нан астам тұрғынына сауалнама жүргізілді. Бұл негізінен елордада 6 жылдан астам уақыт тұратын азаматтар (83%). Қаладағы жағдай туралы жалпы түсінікті негізінен осы адамдар қалыптастырады.
Зерттеудің негізгі қорытындылары:
- Қалалықтардың 59% өз ауданында өмір сүру қауіпсіздігінің деңгейін айтарлықтай жоғары деп санайды.
- 58% соңғы 3 жылда құқық бұзушылықтардың құрбаны болды, оның ішінде 19% ұсақ мүлікті ұрлаумен байланысты.
- Респонденттердің 9% қауіп-қатерге, қорлауға, сондай-ақ бұзақылықтың құрбаны болды;
- Учаскелік инспекторларды тану деңгейі 3 есеге жуық немесе 12%-дан 30%-ға дейін өсті
- Сұралғандардың 70% учаскелік инспекторлардың байланыстарын қайдан табуға болатынын біледі. Алайда азаматтар оларға қатысты құқық бұзушылықтар жасалған жағдайда жүгінетін басты орталық "102" деп санайды. Қала тұрғындарының 50%-дан астамы осылай жауап берді.
– Қызметкерлердің іс-әрекеттерінің заңдылығын теріс бағалайтындар – 49%, кәсібилігіне күмәнданатындар – 51%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу