Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны салық органы бермейді

1159

Салық төлеушілер жарамдылық мерзімі бар электрондық цифрлық қолтаңбаны Ұлттық куәландырушы орталығында ауыстыра алады.

Енді электрондық цифрлық қолтаңбаны салық органы бермейді

"Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебін" жойып, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға өтудің жолдары ұсынылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бұл мемлекеттік қызметті көрсеткенде бизнес-үдерісті тиімді ету мақсатында қолға алынбақ.

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясының жойылуы бірнеше уәкілетті органдарда қайталануды болдырмауға мүмкіндік береді (ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті).

"2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық органы электрондық цифрлық қолтаңба бермейді. Салық төлеушілер 2020 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жарамдылық мерзімі бар электрондық цифрлық қолтаңбаны Ұлттық куәландырушы орталығына жүгіну арқылы ауыстыра алады", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу