Энергия-сервистік келісімшарт жобасы 5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді

1039

Бүгінгі күні энергия үнемдеу картасы аясында 117 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Энергия-сервистік келісімшарт жобасы 5 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік береді

 

Энергия-сервистік келісімшрат жобасы 5 млрд теңгеге дейін қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Бүгінгі күні энергия үнемдеу картасы аясында 117 жоба, оның ішінде 56 млрд теңгеден астам сомаға мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің энергия-сервистік келісімшарт тетіктері арқылы 58 жоба жүзеге асырылып жатыр. Күтілетін үнем сомасы 4,8 млрд теңгені құрайды. Отандық компанияда ірі өнеркәсіптік нысанға арналған ең үлкен энергия-сервистік келісімшартты атап өтсем, ол 747 млн теңгеге Ақсу ферроқорытпа зауытын жарықтандыруды жаңғырту болды", – деді вице-министр ІІ халықаралық энергия үнемдеу форумында.

Оның атап өтуінше, компанияның жылдық үнемі 349 млн теңгені құрады және жоба 2 жылдың ішінде толығымен ақталды.

"Бюджеттік ұйымдарға қатысты айтар болсам, энергия-сервистік келісімшарт тетіктері арқылы жобаларды жүзеге асыру қолданыстағы заңнамада көзделмеген. Осыған байланысты жұмыс істеп тұрған энергия-сервистік компаниялар мемлекет бекіткен сатып алулар процедураларына қатыса алмайды. Ал бюджеттік сектордың олардың қызметтеріне төлем жасау мүмкіншілігі жоқ. Бұл проблеманы шешу жолы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің сервистік келісімшартын жасасу болып отыр. Қазіргі уақытта отандық инвесторлармен мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында энергия-сервистік келісімшарттар енгізу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Жобалар жүзеге асырылу үстінде", – деді Аманияз Ержанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу