Ерболат Досаев "Даму" қоры директорлар кеңесінің төрағалығына сайланды

1068

Ерболат Досаев "Даму" қоры директорлар кеңесінің төрағалығына сайланды

Ерболат Досаев "Даму" қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ерболат Досаев 2017 жылдың тамыз айынан бері Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып қызмет атқарды. "Даму" Қоры Директорлар кеңесіне 2016 жылдан бері мүше. Сол жылдан бастап ол "Бәйтерек" ҰБХ АҚ басқарған. 2014 жылдың тамыз айынан бастап Ұлттық экономика министрі болса, 2013-2014 жылдар аралығында Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне басшылық етті. 2012-2013 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі болды. 2004-2006 жылдар аралығында Денсаулық сақтау, Қаржы министрлігі мен Табиғи монополияларды реттеу және бәсекеге қабілеттілікті қорғау агенттігін басқарды. Сондай-ақ қаржы вице-министрі, энергетика, индустрия және сауда вице-министрі болып қызмет атқарды. 1998 жылы Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу