"Ұлы дала елі" этнофестивалінде жұртшылық Ертіс ауданынан келген қолөнершінің жұмыстарын үлкен қызығушылықпен тамашалады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Тұрғындардың бірі шеберден картиналарды жасаудың технологиясы туралы сыр тартса, енді бірі тапсырыс беріп жатты. Қанағат Аушахмановтың айтуынша, балықтарды "жан біткендей" арнайы тақтайшаға орнатып, картиналар шығарумен айналысқанына 10 жыл толған. Мұндай туындыны жасауға шамамен бір айдай уақыт кетеді. Ал бағасы жұмыстың күрделілігіне қарай 10-15 мың теңге тұрады.
Айта кетейік, этноауылға келген қонақтарға бірегей әрі ерекше заттардан жасалған көрме-жәрмеңкеде жанға жайлы естелік мүсіндер мен тұрмысқа қажетті заттарды сатып алу мүмкіндігі ұсынылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу