Парламент кулуарында журналистердің сұрағына жауап берген Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 ұшағының апаты бойынша қозғалған қылмыстық істің қалай жүріп жатқанын айтты.
"Қылмыстық іс жүріп жатыр. Қайғылы оқиғаға себеп болуы мүмкін жайттардың бәрі жан-жақты тектесіріліп, зерттеледі. 300 адам тергеуден өтті", – деді Бас прокуратура өкілі.
Бұған дейін Қазақстанның авиация әкімшілігі Алматы әуежайының бейнетаспаларына талдау жасай отырып, "Бек Эйр" экипажы сапар алдында ұшақ қанатын тексермей келгенін мәлім еткен болатын. Аталмыш апат туралы әлемдік БАҚ та жарыса жазды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу