Германиядан шыққан "Көгілдір контейнер" пойызы Астанаға тамызда жетеді

565

 Германиядан шыққан "Көгілдір контейнер" пойызы Астанаға тамызда жетеді

Германияда "Көгілдір контейнер" пойызы жолға шықты. Бұл – Қытай мен ГФР ұйымдастырған мәдени жоба. Ол жаңа Жібек жолы бойында орналасқан астаналарды түгел шарлап шығады. Бас-аяғы 180 күн ішінде 11 елді аралайтын болады, деп хабарлайды 24.kz.

Дуйсбургтен бастап Еуропаны басып өтетін ол Азияға жол тартады. Шілде айында жолаушылар Ташкентке жетеді. Тамызда "Көгілдір контейнерді" астаналықтар күтіп алмақ. Межелі бекет – Бейжің қаласы.

Әр бағытта бизнес-форум, конференция, көрме мен концерт сынды ауқымды шаралар ұйымдастырылатын болады.

"Көгілдір бекетті" шығарып салу рәсіміне Қазақстанның Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіпов қатысты. Ол өз сөзінде жаңа Жібек жолы жобасындағы қазақ елінің рөлін айтып берді.

"Пойыз "Көгілдір контейнер" деп аталады. Жобаның басты мақсаты – Жібек жолы бойындағы елдердің басын қосып, байланыстарын нығайту. Бұл жобадағы Қазақстанның орны ерекше. Немістер мен қытайлар 8,5 мың шақырымды құрайтын "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" аумағының 3 шақырымдайы Қазақстан арқылы өтеді. Бұл – маңызды фактор. Екіншіден, Германия мен Қазақстан және Қазақстан контейнерлік тасымалда белсенді байланыс орнатқан", - дейді ҚР Германиядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нүсіпов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу