Горбачев бұрынғы КСРО аумағында жаңа Одақтың құрылуы мүмкін екенін айтты

845

Горбачев бұрынғы КСРО аумағында жаңа Одақтың құрылуы мүмкін екенін айтты

КСРО-ның құлағанына 25 жыл толуына орай берген сұхбатында Михаил Горбачев одақтың қайта құрылу мүмкіндігіне қатысты: "Кеңес Одағы – болмайды, ал Одақ – болады". "Бұрынғы аумақта және сол құраммен, ерікті түрде... Мен жаңа Одақ пайда болуы мүмкін деп санаймын", – деп келтіреді Горбачев мырзаның сөзін ТАСС.

Михаил Горбачев КСРО-ның құлағаны үшін әлі де кінәлі екенін, алайда "Одақты сақтап қалуға соңына дейін күрескенін" атап өтті. "Меніңше, айтарлықтай ауыр салдар тамыз төңкерісінен кейін туды деп ойлаймын", – деді ол.

Горбачев мырза сұхбатында Борис Ельциннің "билікқұмарлығын" партия басшылығында жүрген кезінен байқағанын айтқан.

"Ол уайымдап, ештеңеге көңілі толмайтын, Саясибюро мүше болмағаны үшін наразылығы да содан туындаған болатын", – деп келтіреді ТАСС оның сөзін. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу