ІІМ: Петропавл мектебінде болған оқиғаға біз жауап бермейміз

676

Бұл туралы ІІМ өткен брифингте Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспанов айтты деп жазады inbusiness.kz.

ІІМ: Петропавл мектебінде болған оқиғаға біз жауап бермейміз Фото: google.com

Құзырлы орган журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, оқиға мән – жайына қатысты түсініктеме берді.

"Менің ойымша, Ішкі істер министрлігінің қорытындысы жақын арада БАҚ-та жарияланады. Сонымен қатар, мектептердегі қауіпсіздік проблемасын тек министрлік қана емес, сонымен қатар білім, денсаулық сақтау, ақпарат және қоғамдық даму министрліктерінің, әкімдіктер мен басқа да органдардың қатысуымен Үкімет деңгейінде шешу қажет. Өйткені төтенше жағдайдың салдарымен күресіп қана қоймай, болған оқиғаның себептерін жою қажет. Өздеріңіз білетіндей, кәмелетке толмаған қылмыскер психиатриялық есепте болған. Сонымен қоса, мұндай қылмыстық әрекеттерді жасауға оның компьютерлік ойындарға деген тәуелділігі ықпал етуі мүмкін. Мұндай ойындар интернетте көп және бұл балалардың психикасына әсер етуі мүмкін"  - деді ол.

Сондай-ақ министрлік өкілі мектеп күзетшілерін оқу орындарының басшылығы өздері таңдайтынын, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы күзет компаниясымен немесе жеке адамдармен келісімге отыратынын айтты. Ал лицензияланған күзетшілерді мекеме әкімшілігінің қалтасы көтере бермеуі мүмкін. 

"Мектеп әкімшілігі қауіпсіздікті өзінің қауіпсіздік қызметімен, лицензияланған күзетпен немесе  вахтерлермен қамтамасыз етіле ме, жоқ па, оны өзі шешеді, өйткені бәрі жергілікті қаржыландыруға сүйенеді.Бұл жерде лицензияланған күзет ұйымдарының күзетшілері вахтерлерден, күзетшілерден және қауіпсіздік қызметтерінен айырмашылығы атыс қаруы мен арнайы құралдарды (кісендер, резеңке таяқшалар және т.б.) пайдалануға құқылы екенін атап өткім келеді, сонымен қатар күзетшілер алдын ала мамандандырылған оқу орталықтарында (бұдан әрі – МОО) атыс, құқықтық, физикалық дайындық және басқа пәндер бойынша емтихандар тапсырып оқудан өтеді", – дейді ІІМ Күзет қызметін бақылау департаменті басқармасы бастығының орынбасары Серік Құспанов.

Еске салайық, 13 ақпан күні Петропавлда 9 сынып оқушысы мектепке балта мен пышақ ала келіп,  3 оқушы жарақат алған. Кейін зардап шеккен екі балаға ота жасалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу