Инфляция дәлізі 6-8% болуы мүмкін – Ұлттық банк төрағасы

719

Акция нарығы орта есеппен 11-12% өсті.

Инфляция дәлізі 6-8% болуы мүмкін – Ұлттық банк төрағасы

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев үкімет отырысында Қазақстанның экономикалық белсенділігіне әсер еткен сыртқы факторлар жайлы мәлімдеме жасады. Ол мұнай бағасының құлдырауы мен төтенше жағдай режимі ел экономикасына да, әлем экономикасына да соққы болып тигенін айтты. 

"Сәуірде ауқымды фискалдық және монетарлық ынталандыру аясында әлемдік тауар және қаржы нарығындағы ахуал қалпына келе бастады. Әлемнің бірқатар елдерінің біртіндеп карантиннен шығуына байланысты қор алаңдары өсудің оң аймағына ауысты. Осы айда акция нарығы орта есеппен 11-12% өсті", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы10 сәуірде ОПЕК+  ұйымы мұнай өндірісін күніне 9,7 млн баррельге қысқарту туралы келісімге келгенін еске салды.  

"Бастапқыда мұнай қорының ұлғаюы мен шикізатқа сұраныстың қатты төмендеуінен қауіптену себебінен ОПЕК+ келісімі шикізат нарығындағы ахуалды жақсартқан жоқ. Салдарынан Brent маркалы мұнайдың бағасы 22 сәуірдегі сауда-саттықта бір баррелі үшін 15,98 АҚШ долларына дейін ең төмен белгіге түсті. Сәуірдің соңында мұнай бағасы бір барреліне 25,27 АҚШ долларына жетті. Мұнай бағасының және әлемдік сұраныстың төмендеуі және төтенше жағдай мен карантиннің енгізілуі ел экономикасының белсенділігін бәсеңдетті", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасы іскерлік белсенділікті қолдау мен экономиканы несиелеуге қолайлы жағдай жасау үшін қаржы реттеушісі 6 сәуірден бастап базалық мөлшерлемені  9,5% дейін төмендеткенін мәлімдеді.

"Ұлттық банктің бағалауы бойынша, әлемдік шикізат нарығындағы ахуалдың оң дамуы және сыртқы жағдайдың жақсаруы барысында инфляция дәлізі биылғы мұнай бағасының бір баррель үшін 35-40 долларға өскен жағдайда 6-8% болуы мүмкін", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет

Фото: newskaz.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу