Инвесторлар қазақстандық жобадан бас тартты

1197

Еліміздегі 14 индустриялық нысан тоқтап тұр.

Инвесторлар қазақстандық жобадан бас тартты

Инвесторлар құны 33 млрд теңге тұратын қазақстандық жобадан бас тартты. Олар құрылысты бастаудың еш маңыздылығы жоқ деп түсіндірген, деп хабарлайды Atameken Business.

Өткен жылы Ақтөбеде тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдейтін кешен салу жоспарланған. Соған байланысты Creative Energy компаниясымен меморандум бекіген еді.

Жалпы елімізде қатты қалдықтарды өңдейтін 170 кәсіпорын жұмыс істеп тұр. 51 қала мен ауданда әр түрлі сатыдағы жеке жинау жүйесі енгізілді. 30 елдімекенде сұрыптау жүргізіледі.

Экология министрлігі Мағзұм Мырзағалиев қалдықтарды өңдеуге 108 млрд теңге инвестиция тарту көзделіп отырғанын айтқан. Себебі, қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі тым төмен, қоқыстың тек 14 пайызы кәдеге жаратылады.

Инвесторлардың елімізде жүзеге асырылуы тиіс жобалардан бас тартқан жағдай бұл ғана емес. Жалпы саны 14 индустриялық нысан тоқтап тұр. Себебі бастапқыда жобаларға қызығушылық танытқан инвесторлар, кейін қаржы құюдан бас тартқан. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрінің өзі айтқан еді.

"Инвесторлар мен осы кәсіпорын иелері 14 жобаны жүзеге асырудан бас тартты. Демек олар тоқтатылады. Әр жоба бойынша салалық мемлекеттік органдармен жұмыс істеп, оларды жүзеге асыру бойынша Жол картасын әзірлейміз. Мүмкіндігінше, 14 жобаны жандандыруға тырысамыз",– дейді Аманияз Ержанов.

Демек бұл жобалар мемлекеттік қолдаумен, қазынадан алынатын қаржыға салынуы мүмкін. Ал бастапқыда келісімін беріп, кейін бас тартқан инвесторлардың жобаны орта жолдан тастауына не себеп болды? Жалпы, елімізге келетін шетелдік инвесторларға қандай жағдайлар жасалған? Одан халыққа келетін пайда бар ма? Бұл сұрақтардың жауабын Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбековтен сұрадық:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу