Қандай көлік түрлері салықтан босатылуы мүмкін

4296

Қазақстанда қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрден аспайтын 3,5 млн көлік тіркелген.

Қандай көлік түрлері салықтан босатылуы мүмкін

Ұлттық экономика министрлігі кіріс пен мүлікті декларациялаудан кейін жеке табыс салығы үшін прогрессивті шкала енгізуді талқылауда. Ал бұл жүйені одан ертерек енгізу – ресми жалақыны жалған жолман төмендетіп, жеке табыс салығын төлеуден жалтаруға алып келуі мүмкін.

Бұл жаңашылдықты енгізу үшін бірқатар алғышарттары болуға тиіс. Ең алдымен елде орташа табыстылардың үлесі жоғары және тұрақты деңгейде болуы керек. Сондай-ақ, жеке тұлғаның әртүрлі көздерден алатын жиынтық кірістеріне тиімді салық енгізу керек. Халықтың жоғары салық мәдениеті және прогрессивті шкаланы дұрыс қабылдауы ескерілмек.

"Қозғалтқышының көлемі 3 мың текше сантиметрге дейінгі автокөліктер үшін салықты алып тастау мен салықты бензин құнына қосу жағы да қарастырылуда. Бұл шара ұлттық табысты әділетті бөлудің бір жолы деп есептейміз", – деді министрлік өкілдері.

Бұл тізімнен елімізде тіркелген 3,7 млн көліктің 3,5 млн-ы табылуы мүмкін. Себебі қозғалтқышының көлемі 4 мың текше сантиметрден 10 мың текше сантиметрге дейінгі аралықта елде 73,3 мың көлік бар. Олардың басым көпшілігі, яғни, 21 мыңы алматылықтарға тиесілі.

Ал мемлекеттік кіріс комитетінің мәліметтеріне сүйенсек, биылғы жылдың қаңтар-тамыз айларында заңды тұлғалар – 9,3 млрд теңге, жеке тұлғалар – 29,6 млрд теңге көлік салығын төлеген.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салық жүйесін модернизациялау туралы тапсырма берген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу