Қаңғыбас ит пен мысықтың "баспанасын" салуға 675 миллион теңге бөлінген

1883

Қаңғыбас ит пен мысықтың "баспанасын" салуға 675 миллион теңге бөлінген

Астанада қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған "баспана" салынбақ. Бюджеттен оған 675 млн теңге бөлінген, деп хабарлайды astanatv.kz.

Елорданың қаңғыбас иттері мен мысықтарын аулайтын мекеменің директоры Данияр Әбдуовтің айтуынша, Астанада алғаш рет салынғалы тұрған жануарлар панасы 200 орындық болады. 100 орын - мысыққа, қалғаны итке деп есептелуде. Ол енді жануарларға арналған аурухана салуды ұсынбақ.

"Құрылысын басталғалы тұрған мемлекеттік пана жануарларға ыңғайлы етіп салынатын болады. Аулап алынғандарды сол жерде ұстайтын боламыз. Келесі жылы құрылысы аяқталады деп жоспарлап отырмыз", - дейді "Астана ветсервис" КММ директоры Данияр Әбдуов.

Салынғалы тұрған мекемеге Сарыарқа ауданында Тілендиев даңғылы мен автокөлік иелері үшін

Астанада жыл басынан 2 мыңнан аса иесіз ит пен мысық ауланған. Ал ай сайын орташа алғанда 300-400-ге жуығы ұсталады. Биыл 300-ден астам адамды ит қауып алған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу